Шетел жаңалықтары

Джокович Australian Open турниріне қатыса алмайтын болды

Новак Джокович вакцина салдырмағаны үшін Australian Open турнирінен шеттетілді. Ол Австралия мемлекетіне тиісті медициналық құжаттарын көрсете алмаған. Сондықтан визасы жарамсыз болып қалды. Егер вакцина салдырмаса, Уимблдон мен US Open жарыстарына да жіберілмейді. Өйткені Ұлыбритания мен АҚШ-қа кіру үшін де вакцина құжаты болуы тиіс.

«Үлкен дулыға» жарыстарынан тек «Роллан Гарросқа» ғана қатысуы мүмкін. Өйткені бұл турнирдің хаттамасында вакцина алмаған ойыншыларға шектеу қойылмаған. Дегенмен кейін Францияның спорт министрі Роксана Марасиняню барлық жарысқа тек вакцина салдырған спортшыларды ғана өткізетінін хабарлады.

Бек Төлеу

Басқа жаңалықтар

Back to top button