Сұхбат

Нилуфар Раимова: Ересектер сынында алғаш рет жүлдеге іліктім

Қазақстандық Нилуфар Раимова Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуде қырғыз өкілі Бермет Нуридинқызын жеңді.

Осыдан соң Н.Раимова газетімізге сұхбат берді.   

– Алғашқы белдесуімде тайбэйлік Ю Ченг Хангпен кездестім. Бірінші кездесуім болған соң қиындау болды. Соған қарамастан оны 6:5 есебімен жеңдім. Бірінші кездесу ауыр болады. Екінші қарсыласым өзбекстандық Ләйла Сабировамен бұрын кездесіп көрген жоқпын. Үшінші орынға таласта қырғыз спортшысы Бермет Нуридинқызын 7:0 есеппен таза жеңдім. Бұрын қырғыз балуанымен Нұркен Әбдіров турнирінде кездесіп, 9:0 есебімен ұтып тұрып тушеге түсіп қалдым. Сол жарыста жеңісті беріп қойдым. Енді, міне, оны Азия чемпионатында жеңдім. Бұл жеңісімді қазақ еліне және отбасыма, жаттықтырушыма арнаймын.

Былтыр Моңғолияда өткен Азия чемпионатында жапон, моңғол спортшыларына есе жібердім. Бірінші рет ересектер арасында үшінші орын алып тұрмын. Өзіме өте ризамын. Ағайыма рақмет. Маған үміт артып отырған жандарға, барлығына рақмет айтамын!

Айбек Мұханов,

спорт журналисі

Басқа жаңалықтар

Back to top button