Шетел жаңалықтары

Левандовски екінші жыл қатарынан үздік ойыншы атанды

Германияның «Бавария» клубы мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски екінші жыл қатарынан FIFA тұжырымы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды.

Бұл атаққа Месси, Салах және тағы 8 футболшы үміткер болған. Польшалық шабуылшы былтыр 50-ден астам гол соқты. Германия бундеслигасында 41 голмен Герд Мюллердің рекордын жаңартқан.

Левандовски осымен екінші жыл қатарынан Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (FIFA) үздік ойыншысы атанып отыр. Бұған дейін 29 қарашада Месси France Football журналының тұжырымы бойынша «Алтын допқа» таласта озып кеткен.

FIFA сонымен қатар мынандай номинациялардың жеңімпазын марапаттады:

  • 2021 жылдың үздік жаттықтырушысы – Томас Тухель («Челси, Германия).
  • 2021 жылдың үздік қақпашысы Эдуард Менди («Челси», Сенегал).
  • Құрама сапында әлем рекордын жаңартқан Криштиану Роналду (Португалия) арнайы марапатқа ие болды.
  • 2021 жылдың үздік голы – аргентиналық шабуылшы Эрика Ламеланың «Тоттенхэм» сапында «Арсенал» қақпасына соққан голы.

 

* * *

Швейцарияның Цюрих қаласында өткен жылдың үздіктерін анықтауға арналған салтанатты кеште 2021 жылдың символикалық, яғни таңдаулы құрамы белгілі болды.

Қақпашы: Джанлуиджи Дон­на­румма («ПСЖ»).

Қорғаушылар: Рубен Диаш («Ман­честер Сити»), Леонардо Бонуччи («Ювен­тус»), Давид Алаба («Реал»).

Жартылай қорғаушылар: Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Нголо Канте, Жоржинью (екеуі де – «Челси»).

Шабуылшылар: Роберт Леван­довски («Бавария»), Лионель Мес­си (ПСЖ), Криштиану Роналду («Ман­честер Юнай­тед»), Эрлинг Холланд («Боруссия» Д).

 

Бек Төлеу

Басқа жаңалықтар

Back to top button