Күрес

Ниязбеков пен Өсербаев енді күреспейді

Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков пен әскерилер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы Ғалымжан Өсербаев та бозкілеммен қоштасты. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев мәлімдеді.

«Токио олимпиадасынан кейін Дәулет Ниязбеков жарақатын емдетті. Бүгінде Дәулетті ұлттық құрамаға жаттықтырушы қызметіне алу туралы ұсыныс жасадық. Ал, Ғалымжан Өсербаев болса Алматыдағы «Шаңырақ» спорт мектебінде жас балуандарды жаттықтырып жүр. Ол бапкерлік қызметін бірден  бастап кетті. Мұндай тәжірибелі балуандар бізге өте қажет. Дәулеттің де, Ғалымжанның да жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол. Екеуі де әлемдік жарыстарда Қазақстан намысы қорғады», — дейді Әсет Хамитұлы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button