Оспановтың қарсыласы белгілі
Қазақстандық ММА шебері, Түркістан облысының тумасы Арман Оспанов (11-4) Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) Eagle FC 44 турниріне қатысады.
Жерлесіміздің октагондағы келесі қарсыласы француз Дилан Сальвадор (4-1) атанбақ. Қос файтер де соңғы айқастарында жеңілістің кермек дәмін татқандығын айта кеткен жөн.
Бұған дейін маусым айында Оспанов АҚШ жерінде дайындық өткізген болатын. Кейін PFL лигасында өнер көрсеткен еді. Бірақ сәтсіз болды. Ол UFC ұйымының бұрынғы спортшысы Крис Уейдпен (20-7) кездесіп, нокаутпен жеңіліп қалды.
Ал «Сұңқар» мен Сальвадордың жекпе-жегі қаңтар айының 29-ына жоспарланған.
Еске салайық, бұл күндері мұхиттың ар жағында жаттығу жасап жүрген Оспанов әлеуметтік желіде елдегі жағдайға байланысты халықты сабырға шақырған болатын.