Қысқы спортСаламатты Қазақстан

Батыс Қазақстан облысында 176 мұз айдыны қолданысқа берілді

Батыс Қазақстан облысында балалар спорты басты назарда. 2021 жылдың қараша айында облыс әкімінің тапсырмасымен аудан әкімдеріне ауылдағы қысқы спортты дамыту мақсатында аудан орталықтарында, ауылдық округтерде мұз айдындарын құйып, шаңғы жолдары мен сырғанақтар жасау туралы ұсыныс хат жолданған.

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, сол жұмыстар нәтижесін беріп жатыр. Бұған облыс аумағында 176 мұз айдынының қолданысқа берілуі дәлел.
Бүгінде Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 176 мұз айдыны құйылды. Оның ішінде Орал қаласында – 40, аудан бойынша – 136. Аудан бойынша Ақжайық ауданы – 14, Бәйтерек ауданы – 7, Бөрлі ауданы – 27, Бөкейорда ауданы – 3, Жаңақала ауданы – 13, Жәнібек ауданы – 10, Казталов ауданы – 11, Қаратөбе ауданы – 8, Сырым ауданы – 14, Тасқала ауданы – 8, Теректі ауданы – 11, Шыңғырлау ауданы 10 мұз айдыны пайдалануға берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button