Елена Круглыхина, фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бас бапкері: Бәрі біз қалағандай болған жоқ
– Бәрі біз қалағандай болған жоқ. Бірақ бұл – спорт. Кездескен қиындықтарға қарамастан, спортшылар өздерін жақсы қырынан көрсетіп, қысқы ойында Қазақстанның бәсекелесе алатынын дәлелдеді. Бізде ерлерден екі, әйелдерден төрт квота бар.
Аздаған қиыншылықтар кездескенін атап өттім. Виза мәселесіне байланысты АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңіне Антон Бондарев бара алмады. Ол лицензияға қол созым жерден тоқтады. Жарақатына байланысты Сергей Романов Америкаға бара алған жоқ, ал Олен Цинн жолдамасыз қалды.
Біздің еліміздің намысын Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков қорғайды. Бұл іріктеу өте ауыр өтті, сондықтан, спортшылардың барлығын да құттықтаймын.
Айта кету керек, спортшылар да, бапкерлер құрамы да толығымен Өскемен қаласының өкілдері. Біз Қазақстан атын таныту үшін бар күшімізді саламыз. Қазіргі таңда Олимпиада алдындағы дайындықты Шымбұлақта өткізіп жатырмыз.