БастыҚысқы спортСұхбат

Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері: Үш спортшыға үміт артып отырмыз

– Біз үлкен жұмыс атқардық. Жоспар бойынша, 10 лицензия алуды көздегенбіз. Бірақ бір жолдама кем түсті. Екі лицензияны Ольга Тихонова жеңіп алды. Одан бөлек, екі ер адам, екі әйел адам сынға түсетін қосымша эстафета бар. Аталған эстафетада біздің команда 12-орын иеленді, сол себепті, біздің қыздар командасына тағы бір жолдама берілді. Бұл бәсекеге Яна Хан дайындалуда. Соңғы әлем кубогінде ол 500 метрге жүгіруден өте жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартқанын ұмытпау керек.
Ерлер арасындағы бәсекеде Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша бақ сынайды. 500 метрге жарысудан үшеуі де сынға түседі. Бұл қашықтықта Денис өзін жақсы сезінеді, әлем кубогы кезеңдерінде жүлде де алып жүр. Абзал команданың көшбасшысы, ал Әділ жастығына қарамастан жоғары орындардан көрінген спортшы. Ол 500, 1000, 1500 және 3000 метрде бағын сынайды. Бұрын бізде мұндай спортшы болмаған. Көптеген спортшылар негізінен 500 метрді қолайлы көретін.
Қазір осы үш спортшыға үміт артып отырмыз. Әзірге, қалған қашықтықтар мен эстафета туралы айтуға әлі ерте. Бұл туралы жарыс кезінде белгілі болады. Команда Нұр-Сұлтан қаласында карантинде жатыр. Біз дайындықты тоқтатқан емеспіз. Бәрі де карантин шараларын сақтауда. Біздің мақсатымыз – ойынға дені сау спортшыларды апару.

Басқа жаңалықтар

Back to top button