Қысқы спорт
Галышева Олимпиада ойындарының алғашқы іріктеу кезеңіне қатыспады
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесі өтті
Турнир ережесіне сәйкес, іріктеуде алғашқы ондыққа енген спортшылар финалға жолдама алады. Қалғанқатысушылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Қазақстан командасы төмендегідей нәтиже көрсетті:
— Олеся Граур (57.18 ұпай) — 23-орын.
— Аяулым Әміренова (66.82 ұпай) — 16-орын.
— Анастасия Городко (жарысты аяқтаған жоқ).
Бірінші іріктеу кезеңіне 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева қатысқан жоқ. Telegram арналарда оның коронавирус жұқтырып, Бейжіңге ұша алмай жатқаны хабарланған. Бүгін Галышева жарыс жолына шықпады. Олимпиаданың ресми сайты DNS деген белгі қойды.
Енді екінші іріктеу кезең 6 ақпанға жоспарланған. Спортшы сол кезде қатысып қалуы мүмкін.