Қысқы спорт

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарын бастайды

Бүгін, 3 ақпан күні Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарын бастайды, деп хабарлайды «Қазақ спорты».

Алғаш болып жарыс жолына фристайл-могул құрамасы шығады. Елорда уақытымен сағат 16:00-де могулдан әйелдер арасында іріктеу кезеңі басталады. Бұл сында 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева бақ сынайды. Юлиядан бөлек құрамда Аяулым Әмренова, Анастасия Городко мен Олеся Граур бар.

Ал жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Ерлер арасында могулдағы алғашқы іріктеу 17:45-те басталады. 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхердке жанкүйер болуға шақырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button