Теннис

Дэвис кубогына Қазақстаннан кімдер қатысады

Дэвис кубогы іріктеу сайысында 4-5 наурыз күндері Норвегиямен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметіне жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды.

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукиннің таңдауы мына ойыншыларға түскен: жекелей сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик, рейтингте тиісінше 166-шы және 180-орындарда тұрған Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко. Жұптық сында әлемнің 35-ракеткасы Андрей Голубев пен Александр Недовесов (67-орын) кортқа шығады.

Матчтар Ослодағы Oslo Tennis Arena-да өтеді. Жеңімпаз Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Ал Норвегия құрамасы негізінен әлемнің 8-ракеткасы Каспер Рууд пен дүниежүзілік рейтингте 332-орында тұрған Виктор Дурасовичқа сенім артады.

«24 жастағы Дурасович команда құрамында көптен ойнап келеді, жекелей және жұптық сында жақсы өнер көрсете алады. Дегенмен біздің жігіттер тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, көздеген мақсатына жете алады деп ойлаймын», – деді Ю.Щукин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button