Дмитрий Рейхард Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды
Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі ҰОК-тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06.02.2022
70
Бүгін фристайл-могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңдері өтті. Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд қатысты. Іріктеу кезеңінде 74.90 ұпайын еншілеген Дмитрий Рейхерд финалға шықты. Ал Павел Колмаков іріктеу кезеңін 11 орынмен аяқтады.Айта кетерлігі, финал елорда уақытымен сағат 17:30-да басталады.