Қысқы спорт

Юлия Галышева финалға жолдама алды

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-могул сайысында қазақстандық Юлия Галышева финалға жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі.

Отандасымызға екінші іріктеу кезеңінен өту үшін алғашқы ондыққа ілігуі тиіс еді. Бұл Олимпиаданың финалына өтуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті: 

— Олеся Граур — 18-орын

— Аяулым Әміренова — 12-орын

— Юлия Галышева — 9-орын

— Анастасия Городко — 11-орын

Осылайша, Олимпиаданың финалдық кезеңіне тек қана Галышева өтті. Ал Городкоға финалға өту үшін сәл ғана ұпай жетпей қалды. Анастасия осы Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас спортшылардың бірі. Ол небары 16 жаста.

Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button