Басты
Бейжің-2022: 7 ақпанда жарыс жолына қазақстандық спортшылардан кімдер шығады
Бүгін Бейжің Олимпиадасында қазақстандықтар тек екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды «Қазақ спорты».
Биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко Олимпиададағы жарыс жолына шығады. Ол сында бақ сынайды.
Естеріңізде болса, 2010 жылы Ванкувердегі Олимпиадада Елена Хрусталева жекелей жарыста Қазақстанға күміс медаль сыйлаған.
Конькимен жүгіруде Екатерина Айдова мен Надежда Морозова өнер көрсетеді. Ашылу салтанатында еліміздің туын ұстап шыққан Айдова биылғы Олимпиадада алғаш рет жарыс жолына шығады.
7 ақпан:
Конькимен жүгіру спорты
14:30. 1500 м. Әйелдер
Биатлон
15:00 Жекелей жарыс. Әйелдер