Басты
		
	
	
Қорлан Жақанша – грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының капитаны
						Қорлан Жақанша грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының капитаны атанды.
Бұл туралы еліміздің Күрес түрлерінен федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. Қорлан – Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (Бішкек 2018, Сиань 2019, Нью-Дели 2020). Сонымен қатар әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері атанған.
Бұған дейін капитан болған Алмат Кебіспаев бапкерлікке бет бұрды.
				


