Шетел жаңалықтары

«Темір адам» — Серхио Агуэро

Аргентиналық шабуылшы Серхио Агуэро жүрек ақауына байланысты өткен жылдың соңында карьерасын аяқтаған. Жақында «Манчестер Сити» мен «Барселона» клубының бұрынғы футболшысы сұхбат берді.

«Қателеспесем, маған бір апта немесе 10 күн бұрын футболмен қош айтысуым мүмкін екенін ескертті. Ал кейін нақтысысын естігенде, бәрі біткендей көрінді. Сосын Әбу-Дабиге кетіп қалдым. Өйткені кішкене өзімді сабырға шақыру керек болды. Ал қоштасатын күн келгенде бәрі реттелді».

«Барселона» президенті Жоан Лапортамен конференция алдында кездестік. Екеуіміз лифтіге мініп, мен отыратын үстелді көргенде жылап жібердім. Лапортаны құшақтадым. Журналистердің алдына шығып, шешімді айту қиынға соқты. Ешкімнің көз жасымды көргенін қаламадым. Лапорта барлығын өз аузыммен айту керектігін түсіндірді. Сосын жиналып, өз шешімімді түсіндірдім.

Ауруханада Агуэро ашуланған

Ауруханада Агуэро үйіне жай ғана қайта алмайтынын естігенде ашуланған екен. Бұл жағдай 30 қазанда «Алавес» ойнынан кейін жүрмек талмасы ұстағанда болған.

«Менің жүрегім әдеттегіден сәл жылдамырақ соға бастады. Бұл аса күрделі деп ойламадым. Барлығы жақсы болады деп үміттендім. Бірақ олар мені ауруханадағы шағын жалғыз бөлмеге жатқызып, айналамды мониторлармен қоршап қойған кезде бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндім.

Келесі күні оянғанда өзімді жақсы сезіндім. Ауруханадан шығатын уақыт келді. Алайда ешкім үйге қайта беруге болатыны туралы айтпады. Сосын дәрігер келіп, жағдайды түсіндірді. Ол менің тағы бір күн қалуым керектігін ескертті. Не болып жатқанын өзім де ұқпадым. Ашуға ерік бердім. Өйткені үйге қайтқым келді. Дүйсенбі таңертең тұрғанымда, медбике мен ақылы клинкаға ауыстыратындарын айтты. Яғни толық тексеруден өтуім керектігін жеткізді. Сол кезде күмәндана бастадым».

Басқа жаңалықтар

Back to top button