Бейжің-2022: Тереза Йохауг топ жарды
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында әйелдер арасында классикалық стильде 10 шақырымға жарыстан жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Бұл сында норвегиялық Тереза Йохауг топ жарды. Ол қашықтықты 28 минут 6 секундта жүріп өтті. Осылайша 2022 жылғы Олимпиадада екінші рет үздік шықты. 5 ақпанда Тереза скиатлонда көш бастап, Бейжіңнің алғашқы алтынын иеленген болатын.
Ал қазақстандық шаңғышылар алғашқы 50 спортшының қатарына да енген жоқ.
Екінші орын фин шаңғышысы Кертту Нисканенге бұйырды. Үздік үштікті тағы бір фин спортшысы Криста Пармакоски түйіндеді.
Бейжің Олимпиадасы, әйелдер, 10 км классикалық стиль.
Терезе Йохауг (Норвегия) 28:06.3
Кертту Нисканен (Финляндия) + 0,4
Криста Пермякоски (Финляндия) + 31,5
…52. Ангелина Шурыга (Қазақстан) + 4:02, 5
…53. Ксения Шалыгина (Қазақстан) + 4:03,6
…57. Надежда Степашкина (Қазақстан) + 4:20,9.