БастыҚысқы спорт

Олимпиадаға ту көтеріп барған Абзал Әжіғалиев финалға жолдама алды

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жүгіруден жартылай финал сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі.

Бұл қашықтыққа жалпы бүгін үш спортшымыз бақ сынаған. Ширек финалда Әділ Ғалиахметов өз тобында соңғы орын алып, келесі кезеңге шықпады.

Ал Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев жартылай финалда бақ сынады. Алдымен Денис бірінші топта өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы мәреге төртінші келді. Көрсеткіші — 41.005.

Енді ол жүлделер сарапқа салынбайтын В финалына қатысады.

Бейжіңге Қазақстанның туын көтеріп барған Абзал Әжіғалиев екінші бестікте сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды. Енді ол бүгін кешке жүлдеге таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button