Басты

Шорт-трек: қыздарымыз үшін Бейжің олимпиадасы аяқталды

Бейжің олимпиадасының кезекті жарыс күнінде бақ сынаған шорт-трекшілеріміз тағы медальсіз қалды.

Әйелдер арасындағы командалық спринтте ел намысын қорғаған Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина үздіктердің қатарына ене алмады.

Ал шорт-тректен 1500 метрде жарыс жолына шыққан Ольга Тихонова канадалық спортшыға қарсы ереже бұзды деген себеппен жарыстан шеттетілді.

Шыны керек, алғашқы айналымда Ольга алдына жан салған жоқ. Дегенмен жерлесімізге Венгрия спортшысы София Кония кедергі келтірді. Осы жайтқа байланысты еліміздің бапкерлер штабы шағым түсірген, ол расталып, венгр қызы жарыстан шеттетілді. Дегенмен көп ұзамай қазақстандық спортшының да ережеге сай әрекет етпегені анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button