БастыДзюдо

Тель-Авивтегі Grand Slam-нің бірінші жарыс күнінен екі жүлде бұйырды

Қазақстандық дзюдо күресінің балуандары әлемдік Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінен екі медаль еншіледі.

Екі медаль да 60 келі салмақта бұйырды. Отандасымыз Бауыржан Нарбаев финалға дейін жетіп, күміске қол жеткізді. Ол финалда украиналық Артем Лесюктен айласын асыра алмады.

Ал Мағжан Шамшадин қола медальға қол жеткізді. Оның жұбаныш финалындағы қарсыласы әзірбайжандық Карамат Гусейнов жарақатына байланысты татамиге шықпады. Сөйтіп, үшінші орын бұйырды.

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев та қола жүлде үшін күреседі. Оның қарсыласы Украина спортшысы Богдан Ядов болмақ.

Айта кетерлігі, 66 келіде татамиге шыққан Елдос Сметов жарыстың екінші белдесуінде қарсыласына жол берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button