Шетел жаңалықтары
Бейжіңдегі допинг дауы: шаңғышының кінәсі дәлелденді
Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен спортшы кінәлі деп танылды.
Мұндай шешімді Спорттық арбитраждық сот шығарды.
Тестілеуден кейін ирандық шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Спортшының ағзасынан дегидрометил-тестостерон метаболиті табылған.
36 жастағы Хуссейн Савех-Шемшаки Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран елінің туын алып шыққан. Осылайша Ванкувер және Сочи олимпиадаларына қатысқан ирандық ережеге сәйкес жарыстан шеттетілді.