БастыҚысқы спорт
Қазақстандық конькиші 49 жастағы неміс спортшысынан қалып қойды
Бүгін Бейжің Олимпиадасында конькимен жүгіру спорты бойынша әйелдер арасында масс-старт жарысы өтті.
Қазақстаннан Надежда Морозова қатысты. Ол финалда мәреге 15-ші болып келді. Отандасымыз аталған қашықтықты 8:21.05 уақытта жүгіріп өтті.
Қызығы, жерлесіміз финалда 22 ақпан күні 50 жасқа толатын неміс спортшысы Клаудия Пехштайннан қалып қойды.
Нидерланды спортшысы Ирен Схаутен чемпион атанса, екінші орын канадалық Иван Блонденге бұйырды. Үшінші орынға италиялық Франческа Лоллобриджида тұрақтады.