Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге Флорида штатындағы жарыста үшінші ракетка болып тіркелген, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстандық-пәкістандық жұп жартылай финалда корт иелері Алекс Лоусон – Роберт Гэллоуэйді 6:3, 6:7 (5:7), 10:4 есебімен тізе бүктірді. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 5 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыластары 6 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.
Енді Недовесов пен Куреши дүйсенбіге қараған түні финалда турнирдің 1-ракеткалары Марсело Аревало (Сальвадор) – Жан-Жюльен Ройермен (Нидерланды) бас жүлдені сарапқа салады.