Қысқы спорт
Бейжің-2022: соңғы жарыс күніндегі нәтижеміз қандай
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шаңғымен 30 шақырымға жарысудан масс-старт бәсекесі өтіп, Қазақстан командасынан үш спортшы қатысты, деп хабарлайды «Қазақ спорты».
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан сапынан ең жоғары нәтижені Ангелина Шурыга көрсетті. Ол 42-орында. Надежда Степашкина 49-шы, Ирина Быкова 54-орында.
Алтын жүлдені норвегиялық тағы Тереза Йохауг иеленді.
Күмісті Джесси Диггинс (АҚШ), қоланы Кертту Нисканен (Финляндия) еншіледі.
Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК