Түркия құрамасының экс-капитаны Түркиядағы «Тобыл» командасына келіп қосылған. Бұл туралы «ФНЛ с Ильёвым» Telegram арнасы жазды.
«Тобол» командасының құрамына «Барселона» мен «Атлетико» командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Арда Тұран келіп қосылды. Дереккөздерімнің айтуынша, 35 жастағы футболшының қазақстандық командаға ауысу мүмкіндігі жоғары. Бірақ артық салмағы бар», – деп жазды Telegram арна.
Тұран биылғы маусымда «Галатасарай» сапында 9 матчқа қатысып, 1 гол соққан.