Теннис

Андрей Голубев жұптық сында Дубай турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Дубай ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен бірге жүлде қоры 2,8 млн АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың алғашқы айналымында германиялықтар Кевин Кравиц – Андреас Мьеспен кездесті. А.Голубев пен Ф.Мартен 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта олар 4 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Қазақстандық-франциялық жұптың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button