Теннис
ATP Санкт-Петербургтегі турнирді Нұр-Сұлтанға ауыстырды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) ресми сайттарында Санкт-Петербургтегі ерлер арасындағы теннис турнирін Қазақстанға ауыстырғандарын хабарлады.
Нақты себебі әлі анықталмады. Турнир ATP 250 санатында 19-25 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ал Кремль кубогы жоспар бойынша еш өзгеріс жоқ екені жазылған. Ол жарыс 17-23 қазанға жоспарланған.
ATP 250 турнирі Санкт-Петербургте 26 рет ұйымдастырылған. Нұр-Сұлтан қаласының мұндай жарыс өткізуден тәжірибесі бар. 2020 жылы ATP Қазақстан астанасы мүмкіндік берген.