Шетел жаңалықтары
Украинадағы ахуал: УЕФА кезектен тыс отырыс өткізеді
Жұма, 25 ақпан күні, УЕФА Украинадағы ахуалға байланысты атқарушы комитеттің кезектен тыс отырысын өткізеді.
Жиын елорда уақытымен 15:00-де басталады.
«Атқарушы комитет мүшелері жағдайға бағасын беріп, тиісті шешім қабылдайды», — делінген УЕФА сайтындағы мәліметте.
Мұның алдында Еуропарламент депутаттары УЕФА-ға Ресейден Чемпиондар лигасының финалын өткізу құқығын алу туралы сұрау жасаған. Финал Санкт-Петербург қаласында ұйымдастырылуы тиіс.