Қысқы спорт
Қазақстандық шаңғышылар жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады
Бүгін, 25 ақпанда, Норвегияның Лигна қаласында шаңғы жарысынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қыздар мен ұлдар арасында классикалық жүріс бойынша дода өтеді.
Қыздар 5 шақырым қашықтықта жүлделі орындарды сарапқа салады, деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстанның атынан Мария Геращенко, Елизавета Толмачева және Айша Рақышева жарыс жолына шығады.
Ұлдар арасында 10 км қашықтық бойынша үздіктер анықталады. Аталмыш додаға Қазақстан сапынан Ернұр Бексұлтан, Дидар Қасенов, Алмас Кәрімов, Ернар Нұрсбеков қатысады.