Елсияр Қанағатов: Спортқа ең алдымен федерациялар жауапты
Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов XXIV Қысқы Олимпиададағы қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама қорытындысын жариялады.
Ол Абзал Әжіғалиевтің, конькиші Надежда Морозованың жетістігін ерекше атап өтті.
—Олимпиаданың нәтижесі бізге сәйкес келмейді. Жастар алға ұмтылуы керек. 30 жастағы спортшылардың ізін басқан бәсекелес спортшы жоқтығын көрсетеді. Коронавирус індеті Галышевке әсер етті, Қалмырзаева да карантинде шектелуге тура келді. Шаңғышылардың нәтижесі өте төмендеу. Мұны мойындау керек.
Барлығы мектептен басталады
-Конькимен жүгіру спортынан бірінші болып келетін — Денис Кузин. Бірақ Қостанай қаласында жабық стадион жоқ, есесіне футбол стадионы салынып жатыр. Егер сіздің өңірден осы спорт түрінен әлем чемпионы шыққан болса, неге жабық мұз айдынын салмасқа?! Министрлік басшылығынан осы мәселелерге назар аударуды сұраймын. Шорт-трек қазір фристайл могул, фристайл акробатика секілді әлемдік спорттың элитасы саналады. Федерациялар спорттың бұл түрін бағдарламаға енгізіп, аймақ спортшылары жұмылдырылуы керек. Себебі әлем тәжірибесінде спортқа ең алдымен федерациялар жауапты.
Біз спорттық медицинаға көңіл бөле бастадық, 3 облыста орталықтар жабдықталды. Ғылым бойынша — генетикалық зерттеулер жүргізе бастадық.
XXIV қысқы Олимпиадаға 91 ел қатысты. Соның ішінен 30-орынға тұрақтадық. Медаль алмасақ та, Абзал Әжғалиевтің төртінші орынының арқасында бірнеше елден жоғары тұрмыз. ТМД елдері арасында 6-шы, Азияда 4-ші орындамыз. Біз елімізді, халқымызды жүлдемен қуантқымыз келді, барлық команда мүшесі тырысты. Алайда барлығы біз ойлағандай болмады.