Басты

“Странджа” кубогы: Махмұд Сабырхан жекпе-жек өткізбей-ақ жеңімпаз атанды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан "Странджа" кубогының жеңімпазы атанды.

Боксшылар арасындағы байрақты бәсеке Болгарияның София қаласында өтіп жатыр. ҚР ҰОК мәліметінше, 54 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда жергілікті боксшы Ясен Радевпен кездесуі тиіс болатын. Алайда ол жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Бұл туралы Болгария бокс федерациясы мәлімдеді.

Нәтижесінде Махмұд Сабырхан аталмыш додадан ел қоржынына екінші алтынды салды.

Айта кетерлігі, бұған дейін алтын медальді Назым Қызайбай жеңіп алған болатын. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button