БастыҚысқы спорт

Қазақстандық паралимпиадашылар Чжанцзякоуда жаттығуды бастады

Қазақстандық паралимпиадашылар Чжанцзякоудағы жаттығу жиындарына кірісті.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түседі: пара шаңғы жарысы мен пара биатлон.

Команда құрамында бес спортшы бар. Олар — Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.

Айта кетелік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады.

Пара шаңғы жарысынан әлем кубогының қола жүлдегері Ербол Хамитов Бейжің ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button