Екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) пен орта дивизионда IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) үшінші айқастың келісімшартына қол қойды.
USA Today Sports+ мәліметінше, бұл жекпе-жек 17 қыркүйекте екінші орта салмақ лимитінде өтеді. Әзірге айқасты Лас-Вегас қабылдауы мүмкін екендігі айтылып жатыр. Бірақ үміткерлер қатарында өзге қалалар да бар.
Үшінші жекпе-жек алдында екі боксшы да көктемдегі айқастарын сәтті өткізуі тиіс. Головкин 9 сәуірде WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы жапониялық Риота Муратамен, ал «Канело» 7 мамырда Дмитрий Биволмен өзара кім мықтыны анықтайды.