Таеквондо

Таеквондо: қыздарымыз Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Таеквондодан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы үздік үштіктен көрінді.

Бұл күндері Иран астанасында таеквондодан клубтық Азия чемпионаты турнирі өтіп жатыр.

Жарыстың алғашқы күнінде даянгқа Қазақстанның әйелдер құрамасы шықты. Сәуле Сардарованың шәкірттері бұл чемпионатта алты медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштікті қорытындылады.

Осылайша 49 келі салмақта өнер көрсететін Нұрай Бауыржанова мен 73 келінің өкілі Жансель Дениз күміс жүлде еншіледі. Ал Айдана Еділбаева (46 кг), Рита Бакишева (46 кг), Амина Нұрғазықызы (62 кг) мен Нұрай Құсайынова (67 кг) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Бүгін жарыс алаңына таеквондодан ерлер құрамасы шығады.

Бұған дейін атап өткеніміздей, турнирде Қазақстан құрамасы атынан 30 спортшы қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button