Елорда командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Бірақ екінші таймда ойыншы ауыстыру кезінде «Астана» клубының бапкерлер штабы қателікке бой алдырды. Яғни бір мезетте 7 легионерді бірден шығарып жіберді. Регламент бойынша алаңда 6 легионерден артық жүруге болмайды. Бұған Еуразия экономикалық аймағының футболшылары кірмейді.\
Бірінші таймда 6 легионер (Бескоровайный, Брайан, Эуженио, Манзорро, Милошевич, Томасов) ойнаған. Ал екінші кезеңде Срджан Благоевич командаға жаңадан қосылған Мохаммед Камараны ойнатты. Сөйтіп, 7 легионер болып кетті. Матчтан кейін бұл қателік үшін бас бапкер жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты. Сербиялық маман ойын кезінде бұған мән бермеген болар, ал көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов не бітіргені түсініксіз.