«Каспий» өз алаңында «Қызыл-Жарды» жеңді
Ақтаудың "Каспий" клубы премьер-лиганың алғашқы турында Петропавлдан келген "Қызыл-Жарды" жеңді.
«Каспий» клубында жаңа маусымда өзгеріс көп. Командаға жаңа бас бапкер тағайындалған. Сербиялық Срджан Благоевичтің орнына болгариялық Николай Костов келген. Бір кездері Қарағандының «Шахтерін» жаттықтырған Костов Қазақстандағы екінші жорығын жеңіспен бастады.
Матчтағы жеңіс голын былтыр Талдықорғанның «Жетісу» клубында ойнаған жас футболшы Аслан Әділ соқты.
«Каспий» – «Қызыл-Жар» – 1:0
Гол: Аслан Әділ, 66
«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев(К),Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Артём Барановский, Никола Цуцкич – Шафик Тигруджа (Виктор Дмитренко 87), Думан Нәрзілдаев, Еркебұлан Нұргалиев, Павел Киреенко (Арман Нүсіпп. 83), Рати Ардазишвили, Аслан Әділ, Руан Телеш, 78);
«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (К), Стефан Живкович, Олег Мурачёв, Валерий Каршакевич, Дмитрий Шмидт – Жиан Мартинс, Пабло Подио (Мусса Коне 66), Юрий Бушман (Евгений Козлов. 75). Мишель Нкололо (Кирилл Сидоренко. 84), Дарко Зорич, Андрей Панюков (Тимур Мульдинов. 66);
Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорган), Карлов Евгений (Павлодар), Павлов Александр (Алматы).