БастыТаеквондо

Қазақстандық таеквондошы халықаралық жарыста қола жүлдегер атанды

Қазақстандық таеквондошы Смайыл Дүйсебай Тегерандағы халықаралық турнирде үшінші орынға ие болды.

Жерлесіміз бұл күндері Иран астанасында өтіп жатқан Азия федерациясы президентінің кубогында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

87 келі салмақта жеңімпаз атағы жарыс қожайынына бұйырса, екінші орынға әзербайжандық спортшы жайғасты.

Ал үшінші орынды қазақстандық Смайыл Дүйсебай мен өзбекстандық Никита Рафалович өзара бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Смайыл Тегеранда өткен клубтық Азия біріншілігінде топ жарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button