Таеквондо

Тегеранда таеквондодан халықаралық турнирлер сериясы аяқталды

Қазақстандық таеквондошы Ерасыл Арапбай қола жүлдеге қол жеткізді.

Азия федерациясының президенті кубогының соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Бұл жолы 68 келінің өкілі Ерасыл Арапбай қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша қазақстандықтар аталған турнирде үш медаль иеленді: Жансель Дениз – алтын, Смайыл Дүйсебай мен Ерасыл Арапбай – қола жүлдегер.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Иран астанасында үш халықаралық жарысқа қатысты: клубтар арасында Азия чемпионаты, дәстүрлі «Fajr Open» турнирі және Азия федерациясы президентінің кубогы.

Аламан бәйгелер қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасында әртүрлі дәрежедегі 15 медаль бар: екі алтын, үш күміс және 10 қола.

Басқа жаңалықтар

Back to top button