Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты. Бірінші күн қорытындысы
Таразда 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында таеквондодан Қазақстан чемпионаты басталды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 580 спортшы біріншілік жүлделеріне таласуда, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.
Турнирдің алғашқы күнінде жас таеквондошылар жеті салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Жасөспірім ұлдар:
33 кг
І орын — Нұрперзент Саматұлы (Қызылорда)
ІІ орын — Данияр Есқазыұлы (Атырау облысы)
ІІІ орын — Мирислом Мирзакаримов (Шымкент қаласы), Аңсар Шакизат (Алматы қаласы)
57 кг
І орын — Әмірхан Мұстапин (Ақмола облысы)
ІІ орын — Бибарыс Бақытжанов (Алматы қаласы)
ІІІ орын — Алтынбек Омар (Шымкент қаласы), Егор Шаптефрац (Павлодар облысы)
61 кг
І орын — Артур Пак (Алматы қаласы)
ІІ орын — Бақдәулет Қуандықбай (Қызылорда)
ІІІ орын — Абылайхан Өтебалиев (Атырау облысы), Сержан Барақпаев (Қарағанды облысы)
65 кг
І орын — Әміржан Иманбаев (Алматы қаласы)
ІІ орын — Бақдәулет Аяпберген (Жамбыл облысы)
ІІІ орын — Мұқамбет Сұлтанахмет (Қызылорда), Әмір Абақов (Нұр-Сұлтан қаласы)
Жасөспірім қыздар:
29 кг
І орын — Ярина Пуганцова (Алматы қаласы)
ІІ орын — Зейнеп Азаматқызы (Атырау облысы)
ІІІ орын — Аяна Усинова (Ақтөбе облысы), Варвара Худоногова (Қарағанды облысы)
37 кг
І орын — Нұрай Амангелді (Алматы облысы)
ІІ орын — Нұрайлым Бақытжанқызы (Атырау облысы)
ІІІ орын — Айя Пірмағамбет (Алматы қаласы), Асима Балықбай (Маңғыстау облысы)
55 кг
І орын — Аяулым Асқар (Жамбыл облысы)
ІІ орын — Любовь Юн (Жамбыл облысы)
ІІІ орын — Адиля Еркін (Қызылорда), Тоғжан Қазнабек (Қызылорда).
Айта кетейік, жүлдегер атанғандар ҚР ұлттық құрамасының қатарына еніп, әрі қарай шілдеде Болгария астанасында өтетін әлем чемпионаты мен тамызда Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады.
Қазақстан біріншілігі 18 наурызда аяқталады.