Футзалдан жасөспірімдер құрамасы тағы жеңілді
Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екінші кездесуінде жеңіліп қалды
Семен Палагутин жаттықтыратын Қазақстан жасөпірімдер құрамасы төртінші топтың екінші ойынында Финляндиямен кездесті. Ойынды өте қарқынды бастаған алаң иелері алғашқы таймда алты гол соқты. Үзілістен соң біздің құрамадан Лев Ким көзге түсті. Алайда, ойынның аяқталуына Финляндия құрамасының ойыншысы Ааро Пааппанен кездесуге нүкте қойды — 7:1.
Екінші ойын қатарынан жеңіліс тапқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.
Қазақстан құрамасы келесі ойынды 18 наурыз күні Босния және Герцеговина құрамасымен өткізеді.
Футзалдан Еуро-2022 чемпионаты. Іріктеу кезеңі. 4-топ.
Финляндия U-19 – Қазақстан U-19 – 7:1 (6:0)
Голдар: Кайккола 7, 17, Бауыржанұлы 9 (автогол), Кайвола 9, Ниемеля 17, Пекки 19, Пааппанен 38 – Ким 29;
Ескерту: Портимо 19, Ниемеля 25, Асумалахти 29, Ахмади 34 – Булдин 20, Сарқыт 26;
Алаңнан қуылған ойыншы: Булдин 39
Финляндия U-19: Ниеминен, Портимо — Ахмади, Ниемеля, Кайвола, Кайккола, Сеппяля, Кохонен, Пекки, Леснянин, Пааппанен, Асумалахти ;
Қазақстан U-19: Голубничий, Ипмағамбетов — Булдин, Өтегенов, Үргенішбаев, Әуезов, Сарқыт, Кәрменов, Ким, Бауыржанұлы, Бадан, Қазбеков;
Төрешілер: Чупля (Уэльс), Рабренович (Сербия);