Таеквондодан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі. Екінші күн қорытындысы
Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.
Кеше, 17 наурызда, спортшылар 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады: жасөспірім ұлдар арасында – 37 кг, 45 кг және 53 кг дейін, ал жасөспірім қыздар арасында – 33 кг, 41 кг, 47 кг және 51 кг. Бұл туралы Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, ел біріншілігінде Қазақстанның барлық өңірінен 580 спортшы бақ сынауда.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
37 кг
І орын – Алмат Қанатбаев, Атырау облысы
ІІ орын – Бауыржан Исамедин, Маңғыстау
ІІІ орын – Ринат Елібай, Шымкент; Таңғат Амангелді, Шымкент
45 кг
І орын – Бекет Болатұлы, Атырау облысы
ІІ орын – Рауан Рақымбек, Қарағанды облысы
ІІІ орын – Ғабит Сейітмұханбет, Түркістан облысы; Абылайхан Мергенбай, Маңғыстау
53 кг
І орын – Дарын Жайнеш, ШҚО
ІІ орын – Медет Елемесов, ШҚО
ІІІ орын – Бекжан Бақытжанұлы, Атырау облысы; Дәурен Салиханов, Атырау облысы
33 кг
І орын – Айым Серікбай, Жамбыл облысы
ІІ орын – Айғаным Мұқанғалиева, Қарағанды облысы
ІІІ орын – Нұргүл Сералиева, Атырау облысы; Дилинур Маркс, Алматы қ.
41 кг
І орын – Ақбота Желеу, Алматы қ.
ІІ орын – Томирис Маутқазы, Алматы облысы
ІІІ орын – Аяжан Маден, Алматы облысы; Аруна Балмаханбет, Жамбыл облысы
47 кг
І орын – Ксения Соколова, Жамбыл облысы
ІІ орын – Адема Байзақова, Алматы қ.
ІІІ орын – Айымжан Нұрберген, Ақтөбе облысы; Торғын Әлімхан, Қызылорда
51 кг
І орын – Ақханым Айбекқызы, Алматы қ.
ІІ орын – Айнура Қаржаубаева, Жамбыл облысы
ІІІ орын – Таңсұлу Шералы, Қызылорда; Вероника Журавлева, Жамбыл облысы.
Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысымен МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы таныс болыңыздар.