БастыФутбол

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Молдованы 2:1 есебімен жеңді

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы өтпелі кезеңінің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Молдованы жеңді, деп хабарлайды Молдовадан Қазақ спортының тілшісі.

Қазақстан құрамасы сапында алғашқы минуттан Шацкий, Сүйімбаев, Әліп, Малый, Марочкин, Быстров, Нәрзілдаев, Тағыберген, Васильев, Зайнутдинов, Щеткин шықты.

Ә дегеннен-ақ кездесуді қос құрама белсенді бастады. Алғашқы минутта-ақ қазақстандықтар тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Алайда, бірінші таймның белортасынан молдовалық футболшылардың белсенділігі арта түсті. Нәтижесінде  Ион Николаеску (45-минутта) мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Екінші кезеңде қазақстандық футболшылар үшін ойын қиын болса да, олар таразы басын теңестіруге күш салды. Нәтижесінде, Сергей Малый 63-минутта гол соғып, есепті теңестірді. Ал 79-минутта Бахтиер Зайнутдиновтың соққысынан кейін алаң иелері сапынан Вячеслав Посмак өзінің қақпасына гол соғып алды. Осылайша Андрей Карповичтің бас жаттықтырушы ретіндегі дебюттік матчы жеңіспен басталды.

Екі құрама жарыстың аталған сатысында 29 наурызда тағы бір мәрте кездеседі. Жеңімпаз құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілгені D лигасында сынға түседі.

 

Молдова – Қазақстан– 1:2

Голдар: Ион Николаеску 45+1 – Сергей Малый 64, Вячеслав Посмак 79 (автогол)

Молдова: Станислав Намашко, Олег Рябчук, Вячеслав Посмак, Вадим Болохан, Даниэл Думбравану, Иоан-Кэлин Ревенко – Артур Ионица (К), Михай Платика (Раду Гынсарь 76), Вадим Раце – Михаил Каймаков, Ион Николаеску;

Қазақстан: Игорь Шацкий, Гафуржан Сүйімбаев, Нұрәлі Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров, Асхат Тағыберген (К) (Абзал Бейсебеков, 84), Думан Нәрзілдаев (Айбол Әбікен 46), Владислав Васильев (Айбар Жақсылықов, 65) – Бахтиер Зайнутдинов, Алексей Щеткин (Роман Мұртазаев, 64);

Басқа жаңалықтар

Back to top button