Қысқы спорт
Анастасия Городко әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Фристайл-могулдан Қазақстан командасының мүшесі Анастасия Городко Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Іріктеу сынында Городко 70,24 ұпаймен үшінші орын алды. Бірінші финалда қазақстадық спортшы 74,38 ұпаймен көш бастаса, екінші финалда 77,14 ұпаймен күмісті қанағат тұтты.
Бұл сында америкалық Элизабет Лемли топ жарса, оның отандасы Элли Макгуй қола жүлде иеленді.