Таеквондодан ел біріншілігі. Екінші күн нәтижелері
Таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.
Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан аламанда даянгқа алты салмақтың өкілдері шықты: ұлдар – 48 кг, 51 кг, 73 және қыздар – 44 кг, 49 кг, 55 кг.
478 спортшы бақ сынап жатқан ел біріншілігі 30 наурызда аяқталады.
Кезекті жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі:
Ұлдар:
48 кг
І орын – Әсет Ізғалиев (Ақтөбе обл.)
ІІ орын – Акмарат Долгиев (Нұр-Сұлтан қ.)
ІІІ орын – Қонысбек Тоғызбаев (Маңғыстау обл.), Әубакір Ермекбаев (Алматы қ.)
51 кг
І орын – Тамирлан Тілеулес (Алматы қ.)
ІІ орын – Абдулла Әбілқасым (Алматы қ.)
ІІІ орын – Дәрікбай Ерасыл (Түркістан обл.), Мұхаммедали Егембердиев (Шымкент қ.)
73 кг
І орын – Ерасыл Орынбасар (Қостанай обл.)
ІІ орын – Нұртілек Орымбаев (Шымкент қ.)
ІІІ орын – Альтаир Өмірбеков (Жамбыл обл.), Мақсат Хамитов (Павлодар обл.)
Қыздар:
44 кг
І орын – Амина Әшірова (Алматы обл.)
ІІ орын – Асылжан Қапашева (Алматы қ.)
ІІІ орын – Алуа Қоржынбаева (Қостанай обл.), Зарина Маратова (Алматы қ.)
49 кг
І орын – Әсел Әбубәкір (Алматы қ.)
ІІ орын – Нодира Ахмедова (Шымкент қ.)
ІІІ орын – Жансая Қанина (Атырау обл.), Нұрсезім Жораева (Қызылорда обл.)
55 кг
І орын – Аиша Әділбекқызы (Нұр-Сұлтан)
ІІ орын – Мария Севостьянова (Атырау обл.)
ІІІ орын – Тоқжан Үкібаева (Қызылорда обл.), Әсем Мұхаметқұлова (Шымкент қ.).