Басты

Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде иеленді

Қазақстандық спортшы Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әлем кубогы кезеңінің финалында ол еркін жаттығуда отандасымыз 14.300 ұпай жинады. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кетерлігі, Израиль спортшысы Артем Долгопят жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдені қанағат тұтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button