Басты

«Спортты дамыту дирекциясы» ардагерлерге шапан жауып шығарып салды

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» спорт ардагерлерін құрметті демалысқа шығарып салды.

Отандық спорт саласы мамандарына республиканың жалпы өркендеп, дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.

«Өз уақытында сіздер, қазақстандық спорт үшін бар күш-жігерлеріңізді аямадыңыздар! Сіздердің еңбектеріңіз арқылы біздің спортшыларымызды әлемде таниды, ал өз елімізде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны жыл санап артып келеді. Сіздердің ізбасарларыңыз, бүгінгі спорт мамандары мен жаттықтырушыларға жылдар бойы жинаған тәжірибелеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз қажет болады. Дирекция атынан демалысқа шығуларыңызбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін», — деді спорт ұйымның басшысы Маратбек Мықтыбеков.

Әр түрлі спорт өкілдеріне ұлттық шапан жауып, құрмет грамоталары табысталды.Олардың қатарында Қазбек Иманғали, Алексей Крючков, Қуандық Елжанов, Қайыртай Сарманов және басқалары сияқты елге белгілі ардагерлер бар.

«Мен Дирекцияның бүкіл ұжымы мен қазіргі басшысына бізге көрсеткен құрметі үшін зор ризашылығымды білдіремін. Қазіргі спортты басқарып жүрген жігіттерді спортшы кезінен танимын. Еңбегіміздің зая кетпегеніне, жақсы ізбасарлар өсіп жетілгеніне қуанамын. Қазақстан спортының болашағы зор, жеңісті күндеріміз алда деп сенемін. Алдағы Азия және Олимпиада ойындарында табысқа жете берейік», — деді өз сөзінде армрестлингтен мемлекеттік жаттықтырушы Серік Ерішұлы.

Іс-шара соңында ардагерлер мен ұжым қызметкерлері естелік суретке түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button