Ол Thailand Open турнирінде 91 келіде жұдырықтасқан. Финалда Айбек тайландтық Джаккапонг Йомхотоммен кездесу керек болған. Бірақ жекпе-жек белгісіз себептермен өтпеді. Сөйтіп, Оралбай жеңімпаз атанды.
Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі) мен Нұрбек Оралбай (81 келі) топ жарса, Сұлтан Мусинов (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) күмісті қанағат тұтқан.