«Ақжайық» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті
Қазақстан премьер-лигасының 5-турында Оралдың "Ақжайық" командасы сырт алаңда "Атырауды" жеңді.
Матчтағы жалғыз голды қарымта шабуылдан Қарағанды футбол мектебінің түлегі Оралхан Өміртаев соқты. Сөйтіп, «Ақжайық» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
«Атырау» – «Ақжайық» – 0:1
Гол: Оралхан Өміртаев, 37
«Атырау»: Арам Айрапетян (К), Сослан Такулов, Николай Тарасов, Павел Барановский, Матеус Бисси, Александр Соколенко – Тодор Петрович (Домантас Антанавичиус 80), Магомед Парагульгов (Қуаныш Қалмұратов, 46) – Дмитрий Плетнев (Анатолий Катрич 46), Андрия Филипович (Мұқағали Пангерей 80), Петр Гжельчак (Бауыржан Тұрысбек, 56);
«Ақжайық»: Степан Сикач, Бауыржан Омаров, Милош Стаменкович, Сергей Шустиков (К), Мирам Сапанов, Ардак Саулет (Эльдар Абдрахманов, 55), Рафаэль Сабино, Максим Каленчук, Лука Имнадзе (Владимир Покатилов 90+4), Иван Антипов (Артур Газданов, 55), Оралхан Оміртаев;
Төрешілер: ДенисИзмайлов (Талдықорган), Евгений Бельский (Тараз), Әлібек Әубәкіров (Нұр-Сұлтан)
9 сәуір, 2022 – 15:00. Атырау, «Мұнайшы».