Шетел жаңалықтары
«Челси» сырт алаңда жауапсыз алты гол соқты
“Челси” АПЛ-дің 32-турында "Саутгемптонды" тас-талқан етіп ұтты.
Сырт алаңда өткен ойын 0:6 есебімен аяқталды.
«Челси» сапында Мэйсон Маунт (’16, ’54) пен Тимо Вернер (’21, ’49) дубль авторлары атанса, Маркос Алонсо (‘8) мен Кай Хавертц (’31) бір-бір голдан соқты.
«Челси» 62 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында келеді. «Саутгемптон» бес ойын қатарынан жеңіліп отыр.
АПЛ-де «Манчестер Сити» (73 ұпай) көш бастаса, екінші орында «Ливерпуль» (72 ұпай) тұр.