Теннис

Қазақстан – Германия кездесуі: Шведова мүмкіндігіміз туралы айтты

15-16 сәуір күндері елордада теннисші қыздарымыз Германия кездеседі.

ҚТФ мәліметінше, Ярослава Шведова баптайтын құрама бұл сынға қазір тыңғылықты жаттығу жасап жатыр. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Билли Джин Кинг кубогындағы мүмкіндігіміз жайлы айтты.

Оның айтуынша, Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сайысына Андреа Петкович келмесе де, Германия құрамы жақсы жасақталған.

«Қазіргі кезде дайындық қызу жүріп жатыр. Командада көңіл-күй жақсы. Матчты асыға күтудеміз. Біздің құрама мүшелері жас. Бәрі де – түрлі жарыстарда жақсы өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой теннисшілер. Сондықтан кім тәжірибелі, кімнің тәжірибесі аз дейтіндей айырмашылық жоқ. Бәрінің де күшті жақтары бар, жетілдіретін тұстар да жоқ емес. Командалық жарыстың өз ерекшеліктері бар. Мұнда рейтингіге қарамайды, кез келген теннисші қарсыласын ұта алады. Германияның бірінші ракеткасы мықты, рейтингі бойынша екінші тұрған теннисшісі де осал емес. Көптен ойнап келе жатқан тағы екеуі және бар. Сондықтан бәріне дайын болуымыз керек», – деді Ярослава Шведова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button